Об отделе
Новости
План работы и задачи
Работа отдела
Отчет о работе отдела
Руководители района
О районе
Фотогалерея
Государственные закупки
Республика Казахстан
Ссылки
Общение
Стратегический план
Вопросы противодействия коррупции
 
 
Подписка на рассылку новостей ГУ «Бухар-Жырауский районный Отдел культуры и развития языков» Карагандинской области
 
 
 
ГлавнаяОтчет о работе отделаОтчет за 1ый квартал 2014г

Отчет за 1ый квартал 2014г



Отчет начальника отдела перед населением за 2007 год
Статистика в диаграммах
Отчет за 1ый квартал 2014г

2014 ж.  І  тоқсандағы  мәдениет мекемелерінде
өткізілген іс- шаралар туралы ақпарат

Жалпы  мәлімет:
Аудан  көлемінде  жергілікті  халықтың  бос  уақытын  мәдениетті  де салауатты   ұйымдастыру  мақсатында 75 мәдени мекемелері жұмыс атқарады: 34 клуб   оның ішінде мемлекеттік клубтар  саны –32, өзге тізімдегілер – 2; 40 кітапхана оның ішінде 24 модельді кітапхана, 1 мұражай, 2 «Зерде» бейнемобилі.  Центральный селосында модельді кітапхана ашылды.
2011 – 2014 жылдарға Бұқар жырау ауданының мәдениетінің дамуы туралы кешендік жоспары және тілдерді қолдану мен  дамытудың 2011 – 2015 жылдарға  арналған  жоспар құрылып, бекітілді. Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып, 4 топ  яғни 2 топ  бастауыш ( Доскей а., Дубовка с.) және  2 топ  (Ғ. Мұстафин к., Копекты с.) жалғастырушы топтары ақпан-сәуір айлары жүргізілуде. Оқыту курсына  4 топқа  720 мың т.   ақша бөлінді. 
Ботақара кенті Мәдениет үйінде  өткен жылы қараша айында басталған ұжымдар арасында шығармашылық есеп беру мәдени шарасы өтуде. Осы шара аясында алғашқылардың бірі болып   орталықтандырылған кітапхана, аудандық мұражай және «Зерде» бейнемобилінің қызметкерлері сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті. Жалғасы 2014 жылы ақпан айынан  мамыр айына дейін   кент,  селолық  және ауылдық ұжымдары арасында табылады.
Осы байкаудың қорытындысы  маусым  айында жасалып, жеңімпаздары марапатталады.
Новоузенка селолық клубының ағымды кұрделі жұмыстарын жасауға республиқалық бюджеттен 52 млн.т. бөлінді. 
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газеті № 51 2013ж. 21.12. Бұқаржырау ауданының әнұранына музықалық-поэтиқалық конкурс өткізу Ережесі жарияланды.  Байқауының  қорытындысы сәуір айында жасалады.
«Бұқар жырау жаршысы» газетінде апта сайын «Мәдениет жаңалықтары», «Новости культуры» басылымда.
Атқарылған  шығармашылық  жұмыстар:
Елбасының « Қазақстан жолы-2050»:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауын  насихаттау  және түсіндіру  бойынша  барлық  мәдениет  мекемелерінде  үгіт –насихат  жұмыстарын  жүргізу  қолға  алынды. Кітапханаларда  кітап  көрмелері  мен  жинақ  папкалары,  пресс- үстелдер ұйымдастырылып, Жолдауға  шолу, пікір алмасу  жұмыстары  жүргізілді. Ақпараттық насихаттау тобы селолық округтерге көшпелі қызмет көрсетуде. «Зерде» бейнемобилі 15 ауыл мекендеріне танымдық ойындарымен, концерттік бағдарламамен және ақпараттық –насихаттау жұмыстарымен барып қайтты.
Аудандық  «Жас қанат 2014»  сайсы өтті, 17 селолық округтерінен жас орындаушы және  шоу бағдарламаларды жүргізуші жанрында екі сайыскер қатысты. Екінші айналымға өткен жас орындаушылар еркін тақырыптағы өз дарындарын, дауыс ерекшілектерін ашатын әндерді орындады. Самарқанд ауылынан келген М.Сыздыкова шетелдік ән орындаса, новоузенқалық Александра Плешкова «Тәттім-ау» әнімен көрерменін тамсандырты. Жас орындаушылар жанры бойынша сайыс қорытындасында Александра Плешкова және Касивхан Дауренбек жүлделі үшінші орынды Жәнібек Жүмадильдин мен Назгүл Мұқан екінші орынды, ал Айгерім Нұркаділ үздік өнер көрсетіп бірінші орынды иеленді. Әнімен көптің жүрегін жаулап, дауыстық қабілетімен ерекшеленген Зарина Жумабаева бас жүлдені жеңіп алды. Осылай, өнерлі жастардың аудандық іріктеу бөлімі тамамдалды.
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының  25 жылдығына орай  аудандық мәдениет үйінде  «Ерліктерің мәңгі есте» атты жауынгерлер-интернационалистердің слеты өтті. Біздің ауданымызда Ауған соғысына қатысушылардың басын жылына бір рет қосып, соғыста опат болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, жауынгерлерге концерттік бағдарлама ұсыныла отыра, гүл шоқтарын сыйға тартып, кең дастархандарын да жайды.    Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары сазды сәлем жолдады.
Новостройка селосы қайта оралмаған жерлес жауынгеріміз Серік Елгезековті жылда еске алып, мектеп оқушыларына үлгі қылып келеді. Бүгінде ауыл мектебіне есімі беріліп, оқушылары батыр ағаларының ерлігімен мақтанып, еліміздің  патриот болашағы болып келе жатқандығы да көңілге қонымды. Аудандық мұражай, «Зерде» бейнемобилі қызметкерлері, аудандық мәдениет үйі т.б. біріге отырып «Тағзым саған жауынгер»  тақырыбында еске алу кеші өтті.
Халықаралық әйелдер күніне арнап, аудандық Мәдениет Үйінде «Сиынарым ем Ана деген тәңірге»  атты  мерекелік концерт өтті.  Аудан әкімі әйелдер қауымын құттықтап,  грамотамен марапаттады. Көңілді әндер шырқалып, әсем би биленді.
Бұқар жырау ауданының мәдениет үйлері мен ауылдағы мәдениет ошақтарында «Наурыз мейрамы 2014» мерекесі Елбасымыздың жолдауы «Қазақ елі-мәңгілік ел» аясында аталып өтті.
Ауданның барлық жерлерінде наурыз мейрамына арналған үлкен мәдени шаралар өтті. «Бауырсақ шоу», «Келіндер» сайыстары, салауатты өмір салтын насихаттай отырып «Батыр Наурыз», «Түйе батыр»,  «Қазақша күрес», «Жабағылар»  ат жарысы өтті.
Аудан орталығындағы мәдениет алаңында «Шарықта күн сәулетті Наурызым!» атты әдеби-сазды театрландырылған қойылым көрсетілді. Наурыздың эмблемасы  салыған үлкен  шар аспанға ұшырылды.
«Ботақара баурайында» киіз үйлер мен ұлттық тағамдар байқауына  аудан мекеме-ұжымдары ат салысты. Әр киіз үйдің өз атауы болды. Ол-белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, батырлар мен жыршылардың атымен аталды. Оның ішінде   бір киіз үй қайырымдылық киіз үйі болып оргатылды.  Бұл жерден  тегін тамақ берілді.  Наурызға арналған «Наурыз тілек» байқауы және «Әзіл әлемі» атты  ұжымдар арасында әзіл-сқақтан көрініс көрсетілді. «Жаңғырған дәстүр салтымыз, жасасын жайсаң халқымыз!» атты күндізгі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Кешкілік бағдарламада «Ғашықтар жүрегі-сезім құдіреті» атты әр мекеме-ұжымдардан  құралған  ғашықтық жұптардың сайысы өткізілді.  Сайыс шарты бойынша «Кәне, таныс болайық» қыз бен жігіттің бір бірін таныстыруы. «Қыздарда да қыздар бар, жарылмаған қауыздай, жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай»-аты аңызға айналған лиро-эпостық сынға жырлардағы ғашықтар символына айналған кейіпкерлермен, одан кейінгі буындардағы ғашықтар символына айналған кейіпкерлерді сомдап, тетрландырылған көрініс көрсетті.  «Өнерпаз болсаң арқалан» өнер сайысы, «Наурыз қоржын» сұрақ-жауап, «Ас-адамның арқауы» кезеңдері бойынша түсті. «Наурызға шашу» сазды бағдарламадан кейін, күндізгі мен кешкі бағдарламаның қорытындысы бойынша  мыңнан жүйрік шыққан ұжымға ауыспалы «Ең үздік ұжым» жалаушасы табысталып, «Қыдыр атаны қарсы алу»  рәсіміне ұласты. Далада мерекелік от шашу шашылды.
Наурыз мерекесі кезінде «Зерде» бейнемобилі ауылдарға шығып кесте бойынша «Қош келдің әз Наурыз» бағдарламасымен 10 елді мекенге   көшпелі қызмет көрсетті. 
Қарағанды қаласында өткен «Байтерек-2014» облыстық бишілер конкурсына Ботақара кентінің «Гүлдер»  бишілер тобы жүлделі  орынға иегер болды.

Басшы 
М.Ғ. Шибаева



Новости района

Новости отдела

06.04.2018
О переименовании села Заречное
О переименовании села Заречное
30.03.2018
Соревнования по игре "Дартс", приуроченные к празднованию 350-летию Бухар-Жырау
 30 марта в 17:00 ч. в доме культуры СК с.Центральное прошли соревнования по игре "Дартс"
Ваша оценка оперативности обновления сайта?
Архив голосований
Ботакара-7
Караганда-6
Доллар США378.6
Евро417.75
Российский рубль6.13
 
 


<<
Ноябрь, 2012
ПНВТСРЧТПТСБВС
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930